13-сәуірде Астанада Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезектен тыс отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
13-сәуірде Астанада Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезектен тыс отырысы өтеді

13-сәуірде Астанада Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезектен тыс отырысы өтеді

13-сәуірде Астанада Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезектен тыс отырысы өтеді. Бұл туралы "Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь республикаларының Біртұтас Экономикалық кеңістігі : мүмкіндіктер, проблемалар, келешек" тақырыбы бойынша Мәскеуде өткен алғашқы интеграциялық форумға қатысқан ҚР үкімет басшысының орынбасары- индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев журналистерге мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 8 Сәуiр 2005
  • 380
Фото - Caravan.kz

«Бұған дейін босқа кеткен уақытты өтеу үшін кезектен тыс кездесуді өткізуге шешім қабылдадық. Біз президенттердің қол қоюы үшін шілде айына дейін келісімдер топтамасының жобасын әзірлеп бітіруіміз керек»,- дедә С.Мыңбаев.

ҚР үкімет басшысының орынбасары осы орайда Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі кезек күттірмейтін 29 келісім бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын еске салды. «18-сәуірде сарапшылар Мәскеуде жиналып, барлық мәселені сарапқа салады»,- деді ол.
Бүгін Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында Украинаның экономика министрі Сергей Терехин Біртұтас Экономикалық кеңістік аясындағы еркін сауда-саттық аймағы 2005-жылдың аяғына дейін құрылады деп мәлімдеді. «Өзара интеграцияның жоғарғы болмыс-бітімі туралы сөз қозғау үшін база қажет, ал қазір ондай база болмай отыр»,- деді ол. «Украина бұл орайда ешбір шектеу және тәркілеусіз еркін сауда режимін енгізу позициясын ұстанады. Біртұтас Экономикалық кеңістік құруға осы база болмақ. Ал Украина өзара сауда-саттық саласындағы барлық шектеулерді алып тастауға әзір»,- деді С.Терехин.

Перейти к новостям спорта