Ақаев Қырғызстандықтарды өзіне таңылған негізсіз жалаларға сенбеуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақаев Қырғызстандықтарды өзіне таңылған негізсіз жалаларға сенбеуге шақырды

Ақаев Қырғызстандықтарды өзіне таңылған негізсіз жалаларға сенбеуге шақырды

Президент Асқар Ақаев Қырғызстандықтарды өзіне таңылған "жалған жалалар мен өтірік айыптарға" сенбеуге шақырды. Бүгін, 11-сәуірде Қырғызинфо ақпараттық агенттігі арқылы Асқар Ақаев Қырғызстан халқына арнап осындай мәлімдеме жолдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Сәуiр 2005
  • 313
Фото - Caravan.kz

«Ақиқат пен өтіріктің аражігін өздеріңіз ажырата біледі деп сенемін»,- деді А.Ақаев халыққа арнаған жолдауында.

«Маған өтірік қара күйе жағып, қаралауға көшкен Қырғызстанның жаңа билеушілері өздеріне қатер төндіретін жолға түсті деп пайымдаймын»,- делінген хатта. «Өзімнің президенттік әрі азаматтық құқығымды, адамдық ар-ұжданымды қорғай отырып, қажет жағдайда әлемдік қауымдастықтың көмегіне жүгінуге мәжбүр болмақпын. Ал дүниежүзілік қоғамдастық әлгіндей іс-әрекеттер мен оны жүзеге асырушыларға лайықты баға беріп, бет-пердесін әшкерелейтіні сөзсіз»,- деді Қырғызстан президенті.
А.Ақаев Қырғызстандықтарға арнаған өз хатында «жаңа билеушілерге ақпараттық террор жариялауға, адам құқығы мен бостандығын бұзуға мүмкіндік бермеуге» шақырды. Президенттің пікірінше, республика халқы әрекетсіздік пен керенаулық танытқан жағдайда адам құқығы мен бостандығын аяқ асты ету құбылысы тек оған ғана емес, республиканың қарапайым тұрғындарына да нұқсан келтіруі мүмкін.
Бұған дейін Қырғызинфо сайтында президенттің жұбайы Майрам Ақаеваның хаты жарияланған. Онда елдің бірінші ханымы өз отбасының дүниежүзі елдерінде сарайлар мен кәсіпорындарға иелік ететіні туралы дақпырттарды жоққа шығарған.
Бүгінде Қырғызстанда құрылған арнаулы комиссия республикадағы кәсіпорындарды Ақаевтар отбасына қатыстылығы тұрғысынан тексеруде. Республика вице-премьерінің міндетін атқарушы Данияр Үсеновтың айтуынша, елде осындай 40 шақты кәсіпорын бар. Қырғызстан қаржы министрінің міндетін атқарушы Ақылбек Жапаров таяуда өткен бір баспасөз мәслихатында әрбір 40-60 күн сайын А.Ақаевтың отбасына республикадағы кәсіпорындардан құйылатын көлеңкелі қаржы ағындарының көлемі 2 млн. долларға жетеді деп хабарлаған болатын. Министр «бұдан былай барлық қаржы мемлекеттік бюджетке аударылады» деп мәлімдеді.

Перейти к новостям спорта