Шымкентте бір оқушы қыз іш сүзегі деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте бір оқушы қыз іш сүзегі деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды

Шымкентте бір оқушы қыз іш сүзегі деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды

Шымкентте бір оқушы қыз іш сүзегі деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі басқармасынан хабарлады.

  • 11 Сәуiр 2005
  • 1805
Фото - Caravan.kz

Басқарма мәліметі бойынша, №18 орта мектептің 10-сынып оқушысы 4-сәуірде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. 8-сәуірде аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің мамандары науқаспен қарым-қатынаста болған мұғалімдер мен оның сыныптас құрбыларынан сынамалар алды. Олардың қорытындысы 15-сәуірде белгілі болады.

Қазір СЭС мамандары науқастың тұрғылықты жерінде жұқпалы аурудың белең алуына қарсы шаралар қолдануда. Ал мектептегі онымен байланыста болғандар мектеп дәрігерінің бақылауына алынды.
Іш сүзегі — сальмонелла бактериялары түзетін, адамның аса ауыр ішек сырқаттарының бірі. Оған шалдыққан адамның қызуы көтеріліп, іші ауырып, денесіне бөрткен шығады. Ауру көбінесе су, тағам және арам қол арқылы жұғады.

Перейти к новостям спорта