Жамбыл облысында жазасын өтеуші 15 адам өз-өзіне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында жазасын өтеуші  15 адам өз-өзіне қол жұмсады

Жамбыл облысында жазасын өтеуші 15 адам өз-өзіне қол жұмсады

Жамбыл облысындағы 158/2 түзету мекемесінде жазасын өтеуші 15 адам өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мекеме басшысы Махат Мұсаев хабарлады.

  • 11 Сәуiр 2005
  • 436
Фото - Caravan.kz

М.Мұсаевтың ақпаратына сәйкес, іштеріне пышақ салып алған 15 адамның үшеуі Тараз жедел жәрдем ауруханасына жатқызылса, қалған 12 адам жеңіл жарақаттанған. Оқыс оқиға 8-сәуір, жұмада болды. Зардап шеккен үш адамға сол күні операция жасалып, кешкісін абақтыға жеткізілді.

Осындай наразылық шарасының көмегімен сотталғандар абақтыдағы жағдайды өзгертуге талпыныс жасаған. Олар кездесулер санына қойылған шектеуді алып тастауды, біркелкі киім кигізуді доғаруды, сап түзей жаяу жүріске шығуға мәжбүрлемеуді талап еткен. Ал абақты басшылары болса, шараны «қылмыс әлемінің серкелері ұйымдастырды» деген пікірде.
М.Мұсаевтың айтуынша, 10-сәуір, жексенбіде түрмеде жиналыс өткізілді. Сотталғандарға түзету мекемелеріндегі ішкі тәртіп туралы ҚР әділет министрінің бұйрығы жайында түсініктеме берілді. Ал аталмыш бұйрыққа сәйкес жоғарыдағыдай әрекет бағынбаушылыққа жатады.

Перейти к новостям спорта