Минскде төтенше жағдайлар жөніндегі ТМД сарапшылар тобының отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.46
  • 555.38
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минскде төтенше жағдайлар жөніндегі ТМД сарапшылар тобының отырысы өтеді

Минскде төтенше жағдайлар жөніндегі ТМД сарапшылар тобының отырысы өтеді

12-13-сәуірде Минск қаласында төтенше жағдайлар жөніндегі ТМД сарапшылар тобының отырысы өтеді. Онда Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және залал-зардабын жою саласындағы өзара ықпалдастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманың жобасы мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңеске қатысты тәртіптер келісіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД бас пәтерінен хабарлады.

  • 11 Сәуiр 2005
  • 401
Фото - Caravan.kz

Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина өкілдері қатысады.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 2004-жылғы қыркүйектегі ХҮІІІ отырысында хаттама жобасын кеңес мүшелері қабылдап, оны белгіленген тәртіп бойынша ТМД үкімет басшылары кеңесінің талқысына ұсынуға шешім қабылданды.
ТМД-ға қатысушы 10 мемлекет бұл құжаттың жобасына оң көзқарас танытты. Түрікменстан мен Өзбекстан құжатқа қатысты өз пікірлерін хабарламаған. Ал Әзербайжан, Қазақстан, Ресей мен Украина оған қатысты бірқатар ұсыныстар мен толықтырулар ұсынды.