Астанада "Ғылым әлемі" атты бірінші халықаралық конференция ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Ғылым әлемі" атты бірінші халықаралық конференция ашылды

Астанада "Ғылым әлемі" атты бірінші халықаралық конференция ашылды

Бүгін, 11-сәуірде Астанада дарынды балаларға арналған "Ғылым әлемі" атты бірінші халықаралық конференция ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан. Бұл бас қосу БҰҰ-ның шешімі бойынша, ЮНЕСКО-ның қолдауымен физика жылы деп жарияланған 2005-жылға арналып отыр.

  • 11 Сәуiр 2005
  • 955
Фото - Caravan.kz

Конференцияның мақсаты — республиканың білім беру кеңістігіне ғарыштық технологияларды интегарциялау және осы саладағы ынтымақтастыққа ынталандыру, студенттер мен оқушылар арасында табиғи-математикалық ғылымдар, модель жасау және астрофизика салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту болып табылады.

Конференцияға БҰҰ, ЮНЕСКО мен аэроғарыштық ұйымдардың өкілдері, отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, Қазақстан мен Ресейдің жас зерттеушілері шақырылған.
Форумның ашылуында ҚР білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімованың атап көрсеткеніндей, «бұл бас қосу өсіп келе жатқан ғылыми элитаға алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қуатты серпін береді». «Біздің елімізге зымыран-ғарыштық технологияларды жобалаушылар мен сынаушылардың жаңа буын мамандары қажет»,- деді ол. «Халықаралық қоғамдастыққа үдемелі қарқынмен интеграциялануға бағытталған мемлекет басшысының саясаты Қазақстанның қазіргі заманғы ғарыштық державаға айналатынына күмән келтірмейді»,- деді министр.
Конференция аясында оқушылар зерттеуші-ғалымдармен кездесіп, ғарыш тақырыбы бойынша оқушылар жасаған ғылыми-техникалық жобалардың көрмесі өтеді. 12-сәуір, сейсенбіде Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің аумағында құйтақандай ғарыштық зымыранның ұшырылымы жүзеге асырылады.

Перейти к новостям спорта