Қазақстанда 2004-жылы көші-қон сальдосы оң көрсеткішті құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2004-жылы көші-қон сальдосы оң көрсеткішті құрады

Қазақстанда 2004-жылы көші-қон сальдосы оң көрсеткішті құрады

Қазақстанда 2004-жылы көші-қон сальдосы оң көрсеткішті құрап 3381 адам болды. Ал 2003-жылғы қаңтар-желтоқсан айларында минус 9062 адам болған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

  • 11 Сәуiр 2005
  • 1319
Фото - Caravan.kz

2003-жылғымен салыстырғанда елге көшіп келушілер саны 3858 адамға немесе 5,9 процентке артты, оның 2028 адамы немесе 3,3 проценті ТМД елдерінен келгендер. Қоныс аударуышылар негізінен Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстарында орналасты. Бұл облыстарға тиісінше 8651, 5274 және 5681 адам қоныстанды.

Ал шетелдерге көшушілер саны 477 адамға, немесе 11,5 процентке кеміді. Шетелдерге қоныс аударған 65 785 адамның 47 117-сі немесе 71,6 проценті ТМД елдеріне көшті. Әсіресе Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан қоныс аударушылар көп болды. Бұл облыстардан тиісінше 8884, 8519, 7664 және 6868 адам көшіп кетті.
ТМД елдерінен Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғызстан республикаларымен мемлекетаралық миграциялық байланыс етене жақын болып табылады. Бұл елдерден республикамызға 60973 адам немесе жалпы ТМД елдерінен қоныс аударушылардың 97,4 проценті көшіп келді. Ал аталмыш елдерге Қазақстаннан 45 382 адам немесе жалпы ТМД елдеріне қоныс аударғандардың 96,3 проценті аттанды. Ал 2003-жылы көшіп келушілер саны 58681 немесе 96,9%, көшіп кеткендер саны 47 337 адам немесе 95,3 процентті құраған.
Елімізге қоныс аударғандардың 73,4 проценті еңбек қабілеті бар адамдар болса, көшіп кеткен адамдардың 71,8 проценті еңбек қабілеті бар тұрғындар. 2003-жылы бұл көрсеткіш тиісінше 74,2 және 71,7 процент болған. Жалпы республика бойынша алғанда еңбек қабілеті бар әрбір 1000 эмигранттың үлесіне сондай жас мөлшеріндегі 1074 иммигранттан келеді.
Республика аясындағы көші-қон құбылысына 319 652 адам қатысты. Соның ішінде облысаралық көші-қонға 127 861 адам, облыс ішілік көші-қонға 191 791 адам қатысты. 2003-жылы тиісінше 292158, 107891 және 184267 адам болған.
Облысаралық көші-қон бойынша ең жоғары үлес салмақ Алматы мен Астананың үлесінде. Бұл қалаларға тиісінше 23 077 және 14 827 адам қоныс аударды. Ал Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарына басқа облыстардан қоныс аударғандар саны ең төменгі көрсеткішті құрап, бұл облыстарға тиісінше 8167, 8014 және 7781 адам қоныс аударды.

Перейти к новостям спорта