Министрліктің ақпаратына сәйкес, жарылыс зардап шеккен еркектің қателігінен болған. Ол дәнекерлейтін аспаппен белгісіз металл бұйымды ерітуге талпыныс жасаған көрінеді.
Алматы облысы Іле ауданы Чапаев атындағы ауылда белгісіз заттың жарылуы салдарынан 9 жастағы бір бала мерт болып, оның екі құрдасы мен 54 жастағы ер адам жарықшақ тиіп жараланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, жарылыс зардап шеккен еркектің қателігінен болған. Ол дәнекерлейтін аспаппен белгісіз металл бұйымды ерітуге талпыныс жасаған көрінеді.