Қырғызстанда құрылған арнайы мемлекеттік комиссия биліктің өзгеруіне апарып соққан себептерді зерттейді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда құрылған арнайы мемлекеттік комиссия биліктің өзгеруіне апарып соққан себептерді зерттейді

Қырғызстанда құрылған арнайы мемлекеттік комиссия биліктің өзгеруіне апарып соққан себептерді зерттейді

Қырғызстанда 24-наурыздағы оқиғалардың себептерін анықтаушы мемлекеттік комиссия құрылды. Осы жөніндегі жарлыққа мемлекет басшысының міндетін атқарушы, Қырғызстан үкімет басшысы Құрманбек Бакиев қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Сәуiр 2005
  • 419
Фото - Caravan.kz

Комиссия құрамын жасақтауда парламент, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары назарға алынды. Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып Қырғызстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мирослав Ниязов тағайындалды.

Жарлыққа сәйкес, 2005-жылдың 15-мамырына дейін мемлекеттік комиссия өкілдері 24-наурыздағы оқиғаларға түрткі болған себептер мен алғышарттарды жан-жақты зерттеп, қоғамда азаматтық келісім мен тұрақтылық орнатуға бағытталған шараларды ұсынуы тиіс. Мемлекеттік комиссия мемлекеттік басқару органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істейтін лауазым иелерінен қажетті құжаттар мен материалдарды талап етіп алу, уақытша жұмыс топтарын құру және өз жұмысына мемлекеттік басқару және жергілікті билік органдарының, сондай-ақ, азаматтық қоғам өкілдерін жұмылдыру құқығына ие.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 24-наурызда Үкімет үйіне шабуыл жасау салдарынан республиканың басшылығы өзгерді. Президент Асқар Ақаев республиканы тастап шығып, отставкаға кету туралы өтініш беруге мәжбүр болды. 24-25-наурыз аралығындағы екі күнде Бішкекте ондаған дүкендер мен сауда орталықтары тоналды. Қырғызстан үкіметінің бағалауынша, тек ел астанасының өзінде тонаушылық салдарынан келген шығын көлемі 1 млрд. сом немесе 24 млн. долларды құрайды.

Перейти к новостям спорта