Теміртауда түтін салдарынан 15 автокөлік соқтығысты. Құрбан болғандар да бар - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда түтін салдарынан 15 автокөлік соқтығысты. Құрбан болғандар да бар

Теміртауда түтін салдарынан 15 автокөлік соқтығысты. Құрбан болғандар да бар

Қарағанды облысы Теміртау қаласында қою түтіннен айнала көрінбей қалу салдарынан 15 автокөлік соқтығысты. Құрбан болғандар да бар. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Сәуiр 2005
  • 424
Фото - Caravan.kz

Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, қаладағы қоқыс төгетін орынның өртенуі салдарынан қою түтін түзілген. Айнала көрінбей қалуға байланысты «КавЗ» автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, олардың бірі оқиға орнында қаза тапты. Ал тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Сонымен бірге «Ауди-80» автокөлігінің жүргізушісі де жарақаттанып, ауруханаға түсті.

Қоқыс төгетін орындағы өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндірушілері жол апатынан екі сағат өткенде сөндірді.

Перейти к новостям спорта