Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 12-сәуір күні таңертең түзету мекемесінде қамауда отырған 6 адам өз-өздеріне қол жұмсап, пышақпен іштерін жарақаттаған. Зардап шеккен адамдар ауруханаға жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілді. Соңынан бұл шараға басқа да тұтқындар қосылды.
Қазір жағдайды тұрақтандыру үшін түрмеге сотталғандардың туыстары жіберілген. KZ-today тілшісінің хабарлауынша, сонымен бірге түзету мекемесінің жанына арнайы құралдармен жабдықталған Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ күзет полициясының батальоны келіп жетті.
Бұл — еліміздің оңтүстік аймақтарында соңғы бір аптада болған осындай екінші оқиға. 8-сәуірде Жамбыл облысындағы 158/2 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан 15 тұтқын осындай бағынбаушылық шарасын жүзеге асырған болатын.