Жеңіске арналған мерейтойлық тиындар ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі — 31 мм, қалыңдығы — 2 мм, массасы — 11.17 грамм. Тиындар 50 мың данамен шығарылған.
«Көне Түркістан» ескерткіш тиындары 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы — 1,24 грамм, диаметрі — 13,92 мм, қалыңдығы — 2,7 мм, «proof» сапасымен шығарылған. Тиындар 15 мың данамен шығарылған.
Мерейтойлық және ескерткіш тиындар Қазақстан теңге сарайында жасалған. Металл ақшалар тұрақты құны бойынша бүкіл Қазақстан аумағында барлық төлем түрлері бойынша қабылдануы тиіс. Алтын тиындардың бір бөлігі World Coininternational компаниясымен арадағы келісімге сәйкес Қазақстаннан тысқары жерлерде сатылады. Сонымен бірге ҚР Ұлттық банкі «Көне Түркістан» ескерткіш тиындарының 1 мың данасын коллекциялық құны бойынша республиканың ішкі рыногында сату үшін сақтап қалды.