Ресейдің Внешторгбанкі өкілдері ҚР үкімет басшысымен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің Внешторгбанкі өкілдері ҚР үкімет басшысымен кездеседі

Ресейдің Внешторгбанкі өкілдері ҚР үкімет басшысымен кездеседі

2005-жылдың 14-18-сәуірінде Ресейдің Внешторгбанкі өкілдері ҚР үкімет басшысымен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін, 13-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Болат Жәмішев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Сәуiр 2005
  • 498
Фото - Caravan.kz

Б.Жәмішевтің айтуынша, Ресейдің Внешторгбанкі басқармалары төрағасының орынбасары Вадим Левин үкімет басшысымен кездесу барысында Наурыз банкті сатып алуға қатысты мәселені де сарапқа салады деп күтілуде. Ал қазіргі жағдаймен ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі Ресейлік банктің қазақстандық банкті сатып алуға деген нақты ниетінен бейхабар.

Перейти к новостям спорта