Парламент инвестициялық заңнамаға енгізілген түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент инвестициялық заңнамаға енгізілген түзетулерді қабылдады

Парламент инвестициялық заңнамаға енгізілген түзетулерді қабылдады

Бүгін, 13-сәуірде өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне инвестицияға қатысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 13 Сәуiр 2005
  • 364
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының бекітуіне жолданды.

Мәжіліс депутаты Сатыбалды Ибрагимовтың түсініктемесіне сәйкес, сенаттың түзетулері заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді және қосымша қаржы жұмсауды талап етпейді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң инвесторларға преференциялар беру барысындағы бюрократиялық тосқауылдарды алып тастауға бағытталады. Заң жобасын жасаушылардың пайымдауынша, құжатты қабылдау өнеркәсіптің өңдеу саласына, экономиканың басымдық берілген салаларына инвестиция тартуға түрткі болмақ.
Сонымен бірге парламентте бекітілген заңға сәйкес, мемлекеттік грант беру схемасы өзгертілді. Атап айтсақ, жерді уақытша ақысыз пайдалануға немесе инвестор өзінің инвестициялық міндеттемесін орындаған жағдайда жеке меншікке беру шартымен пайдалануға беру жолымен мемлекеттік грант беріледі. Осыған байланысты Жер кодексіне «мемлекеттік тікелей грант» атты нақтылаушы ұғым енгізілсе, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске инвестициялық міндеттемесін орындамаған жағдайда инвесторға жуапкершілік жүктеу туралы бап енгізілді.

Перейти к новостям спорта