«Еліміздегі барлық деңгейдегі сайлаулардың мейлінше ашық әрі жариялылық жағдайында әділетті өтуі үшін және еліміздің заңдары бұлжытпай орындалуы үшін бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын»,- деді ол. О.Жұмабековтың айтуынша, ол үшін «Орталық сайлау комиссиясынан бастап барлық округтық учаскелік сайлау комиссияларына дейінгі сайлау органдарының жүйесі ырғақты жұмыс істеуі тиіс».
Сайлау заңнамасының өзгеру мүмкіндігі туралы депутаттар сауалына жауап берген О.Жұмабеков парламентте қабылданған «Сайлау туралы» конституциялық заңға енгізілген түзетулер «еліміз үшін аса қажетті» деп мәлімдеді. «Бұл заң қазіргі өмір ағымына сай келеді. Ал болашақта оған өзгертулер енгізу қажеттігі туындай жатар, дәл қазір мұндай қажеттілікті көре алмай тұрмын»,- деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы.