Қырғызстанда президент сайлауын өткізуге арналған сайлау комиссиялары жасақтала бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда президент сайлауын өткізуге арналған сайлау комиссиялары жасақтала бастады

Қырғызстанда президент сайлауын өткізуге арналған сайлау комиссиялары жасақтала бастады

Сәуірдің 12 мен 19 аралығында Қырғызстанда президент сайлауын өткізуге арналған сайлау комиссиялары жасақтала бастайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясынан хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2005
  • 390
Фото - Caravan.kz

Орталық сайлау комиссиясының түсініктемесіне сәйкес, сайлау комиссиялары саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен сайлаушылар жиынының ұсыныстары негізінде жасақталуда.

Қырғызстан Республикасының сайлау туралы Кодексіне сәйкес, сайлау комиссияларының құрамындағы мемлекеттік және муниципалдық қызметкерлердің саны сайлау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен артық болуға тиіс емес. Саяси партиялар өкілдерінің саны да үштен бір бөлігінен артпауы қажет.
Сайлау мерзімінен бұрын өткізілген жағдайда сайлау іс-әрекеттерінің мерзімі 25 процентке қысқарады. Қырғызстан парламентшілерінің шешімімен президент сайлауы 2005-жылғы 10-шілдеге белгіленді.

Перейти к новостям спорта