«Екі ел арасында Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуі туралы мәселе бойынша екі жақты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Өзара көп кешікпей шешілуі тиіс санулы ғана мәселе қалды»,- деді Жапониялық елші.
И.Онодераның журналистерге хабарлауынша, оның Қазақстанға сапары «Астанада Жапония елшілігінің ашылуына байланысты қонақасы рәсімін ұйымдастыру және екі жақты қарым-қатынастарға тың серпін беру» мақсаттарын көздейді.
15-маусымда Жапонияда Қазақстанның Ұлттық күні атап өтіледі,- деді парламенттік хатшы.