Үкімет басшысы Қазақстан Даму банкі мен Ұлттық инновациялық қордың жетекшілерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Қазақстан Даму банкі мен Ұлттық инновациялық қордың жетекшілерімен кездесті

Үкімет басшысы Қазақстан Даму банкі мен Ұлттық инновациялық қордың жетекшілерімен кездесті

Бүгін, 13-сәуірде үкімет басшысы Даниал Ахметов "Қазақстанның Даму банкі" АҚ президенті Қамбар Шалғымбаев пен "Ұлттық инновациялық қор" АҚ басқармасының төрағасы Ғосман Әмринді қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2005
  • 523
Фото - Caravan.kz

Қамбар Шалғымбаев үкімет басшысына банктің ағымдағы жұмысы туралы есеп берді.

Атап айтқанда, Қазақстан Даму банкінің президенті Даниал Ахметовқа шығарылуы биылғы жылға белгіленген, жалпы құны 200 млн. АҚШ долларын құрайтын нақты сегіз инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы хабарлады.
Үкімет басшысы Қазақстан даму банкі кредит бөліп отырған жоғары технологиялық, инфрақұрылымдық, кластерлік жобалар мен құрылыс индустриясы жобаларының мәнін атап өтіп, толықтай алғанда банктің 50 пайыздық қатысуымен, несиелендіру көлемін 1 миллиард АҚШ долларына жеткізу туралы банк жоспарын мақұлдады.
Кездесу барысында сондай-ақ Даму банкінің орта мерзімді перспективасы, соның ішінде сыртқы рынокқа шығу жөніндегі тұжырымдамасына байланысты стратегиялық мәселелер талқыланды.
Бұдан басқа, Қамбар Шалғымбаев мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында алға қойған міндеттерді іске асыру мақсатында банк тарапынан жүзеге асырылып жатқан жұмыстардан үкімет басшысын хабардар етті.
Үкімет басшысы «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқармасының төрағасы Ғосман Әмринмен кездесу барысында әлемдік технологиялық кеңістікке тиімді кірігу мақсатында ұлттық инновациялық жүйені дамыту және қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруға байланысты кейбір мәселелерді талқылады.
Ғ. Әмрин үкімет басшысына Ұлттық инновациялық қор жұмысының негізгі бағыттары туралы хабарлады. Соның ішінде инновациялық жобаларды, сондай-ақ ғылыми зерттеу және конструкторлық өнертапқыштық жұмыстарды қаржыландыру, инновациялық инфрақұрылымды дамыту және венчурлық капиталдың шетел рыногына шығу тәрізді мәселелер сарапқа салынды.

Перейти к новостям спорта