Павлодарда Қазақстанның алғашқы президентінің атындағы саябақтың іргетасы қаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Қазақстанның алғашқы президентінің атындағы саябақтың іргетасы қаланды

Павлодарда Қазақстанның алғашқы президентінің атындағы саябақтың іргетасы қаланды

Бүгін, 23-сәуірде Павлодарда Қазақстанның алғашқы президентінің атындағы саябақтың іргетасын қалау рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2005
  • 561
Фото - Caravan.kz

Саябақта Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 60 жылдығына, Қазақстан халықтары ассамблеясының 10 жылдығына, ҚР Конституциясының 10 жылдығына арналған, сондай-ақ, «Жастар Қазақстанның болашағы үшін» атты аллеялар ашылады.

Жаңа демалыс аймағының жалпы аумағы 11 440 шаршы метрге тең. Бүгін «Жасыл ел» бағдарламасына сәйкес саябақта қарағай, қайың және бәйтеректің 500 түп көшеті отырғызылды. Саябақтағы алғашқы ағаштарды егу шарасына Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісов пен Ұлы отан соғысының ардагерлері қатысты.
Қ.Нұрпейісовтың журналистерге хабарлауынша, саябақ аймағында болашақта су бұрқақтар мен Усолка өзені арқылы өтетін көпір салынады.
Бүгін сонымен бірге Павлодарда жалпықалалық сенбілік жарияланды. Оған қаланың 80 мың тұрғыны қатысуда. Көшелер мен аулаларды тазарту шарасына мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың қызметкерлері жұмылдырылды. Павлодарлықтар 47 мың шаршы метр аумақты алып жатқан аумақты тазартып, 3 мыңдай ағаштар мен бұталар егеді. Аумақтарты тазарту жұмысына 175 техника тартылды.

Перейти к новостям спорта