Поскеңестік кеңістіктегі саяси элитаның басты тауқыметі - мемлекеттік ойлау қабілетінің тапшылығында болмақ - неміс журналисі - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Поскеңестік кеңістіктегі саяси элитаның басты тауқыметі - мемлекеттік ойлау қабілетінің тапшылығында болмақ - неміс журналисі

Поскеңестік кеңістіктегі саяси элитаның басты тауқыметі - мемлекеттік ойлау қабілетінің тапшылығында болмақ - неміс журналисі

"Бұрынғы кеңестік кеңістік аясында жаппай саяси элита арасында мемлекеттік ойлау қабілетінің тапшылығы белең алған. Осындай тапшылықтан құтылмайынша, қандай элита да қалыптасқан ахуалды тізгіндей алмайды". Бүгін, 23-сәуірде Алматыда ІҮ Еуразиялық МедиаФорум барысында Германияның РУФО агенттігінің Мәскеудегі тілшісі Гизберг Мрозек осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2005
  • 1033
Фото - Caravan.kz

«Өз басым түрлі-түсті төңкерістер туралы сөз қозғамауды ұсынар едім. Өйткені, жуырда болған екі немесе екі жарым түрлі-түсті төңкеріс — тіпті де төңкеріс емес. Шынтуайтына келгенде, төңкеріс дегеніміз — билік пен жүйенің алмасуы екені мәлім. Ал аталған елдердің ешқайсысында да жүйе өзгерісі болған жоқ»,- деді ол.

Г.Мрозектің пікірінше, Грузия , Украина және Қырғызстан республикаларын өзара байланыстарытн үш түрді ұқсастық бар. «Біріншіден, бұл — саяси элитаның күн тәртібіне қойылған тауқыметтерді шешуге қабілетсіздігі. Екіншіден, саяси элитаның жікке бөлініп қақ жарылуы, үшіншіден, бұл элитаның бір бөлігі қолдауды ел ішінен іздемей, сыртқа жүгінуі. Дәл осындай сәтте билік алмасатыны ежелден келе жатқан заңдылық».
Г.Мрозектің айтуынша, қазір Қырғызстан мен Грузияда, сондай-ақ, Украинада билікке келген элита өзекті мәселелерді шешуде болашақта үлкен қиындықтарға тап болуы ықтимал.

Перейти к новостям спорта