Ресейлік саясаттанушы Панарин Еуразиялық сарапшылық ақпараттық агенттік құруды ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік саясаттанушы Панарин Еуразиялық сарапшылық ақпараттық агенттік  құруды ұсынуда

Ресейлік саясаттанушы Панарин Еуразиялық сарапшылық ақпараттық агенттік құруды ұсынуда

Бүгін, 23-сәуірде ІҮ Еуразиялық МедиаФорум барысында РФ СІМ дипломатиялық академиясының профессоры Игорь Панарин тұрақты жұмыс істейтін Еуразиялық сарапшылық- ақпараттық агенттік құруды ұсынды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2005
  • 402
Фото - Caravan.kz

И.Панариннің пікірінше, ақпараттық агенттіктің негізгі стратегиялық құжаттарын

«2006-жылы өтетін Ү Еуразиялық МедиаФорумда қарауға болар еді».
И.Панариннің пікірінше, «ЕурАзЭҚ, ТМД, Еуропалық төрттік, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымастық ұйымдары» осынау қоғамдық институттың құрылтайшысы міндетін «Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Солтүстік Атлантикалық Альянс» сынды әскери-саяси құрылымдармен ынтымақтаса отырып атқара алады.
Агенттік, И.Панариннің пікірінше, «Еуразия елдері үшін дүниежүзінде оң бағытта қоғамдық пікір қалыптастыруды қамтамасыз ету, Еуразия елдеріндегі саяси элиталардың дағдарысты ахуалдарда елді тиімді басқаруы және ақпараттармен қамтамасыз етілуі мақсатында консультациялар ұйымдастырып, нұсқаулар әзірлеу — агенттік іс-қызметінің басым бағыттары болуы тиіс».

Перейти к новостям спорта