«Қандайбір салық мөлшерін азайтпас бұрын елімізде қазіргі сәтте қандай макроэкономикалық модель жұмыс істеп жатқанын ескеру қажет»,- деді министр.
Сонымен бірге Қ.Келімбетовтың хабарлауынша, 2008-жылдан бастап Қазақстанда заңды тұлғалардың кірісіне салынатын салық ауыртпалығын жеке тұлғалардың кірісіне ауыстыру мүмкіндіктерін қарастыру қажет. «Бұл — халықтың әл-ауқаты жақсарған сайын Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында жасалатын қадам болмақ»,- деп пайымдайды министр. Оның айтуынша, бұл шараға жалақы қорының мөлшерін арттыру мен Қазақстандағы тұрмыс-тіршілік деңгейін Шығыс Еуропа елдеріндегі деңгейге жеткізу негіз болмақ.
«Салық салудың бұл тетігі әлемнің көптеген елдерінде қолданылады және өндірісті дамыту, сол арқылы халықтың әл-ауқатын одан бетер жақсарту қажеттігіне негізделеді»,- деді Қ.Келімбетов.
Министр сонымен бірге үкіметтің салық заңнамасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажет, басқаша айтқанда «салық әкімшілігі нормаларын екіұдай түсіндіріп пайдалануға жол беру мүмкіндігіне тосқауыл қоятын тікелей әсері бар заңды қолданысқа» енгізу қажет деп санайтынын хабарлады.
Министр сонымен бірге қазіргі бар салықтық ынталандыру шараларын қолдану жолдарын жетілдіруге назар аудару, инвестициялық преференциялар қолданылатын басымдық берілген қызмет түрлерін қайтадан қарау және оларды қолдану ережелерін жеңілдету қажеттігін атап көрсетті.
Еліміздің Жалпы ішкі өнімі құрамында салық түсімдерінің мөлшері 21-22 процентті, Еуропалық Одақ елдерінде 37 процентті, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдерде 41-42 процентті құрайды.