Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жоба парниктік газдар шығарындыларын азайтып қана қоймай, жергілікті фермерлердің табысын арттыруға бағытталған. Наурыз айының ортасында компания журналистерге Гуджарат штатындағы Бхукхал ауылында орналасқан биогаз қондырғысын таныстырды. Мұнда сиыр тезегі шамамен бір ай бойы арнайы резервуарларда ашытылады, кейін алынған газ тазартылып, жақын маңдағы жанармай құю станциясына жеткізіледі. Ал өңдеу нәтижесінде алынған қалдық органикалық тыңайтқыш ретінде сатылады.
Қондырғының қуаты тәулігіне 100 тоннаға дейін тезек өңдеуге жетеді. Бұл шамамен 1,5 тонна биогаз өндіруге мүмкіндік беріп, күніне 850-ге жуық автокөлікті отынмен қамтамасыз етеді.
Компания жергілікті фермерлерден тезекті килограмына бір рупийден сатып алады. Нәтижесінде әрбір шаруашылық жылына орта есеппен 72 мың рупий (шамамен 775 доллар) табыс табады.
Биогаз сығылған табиғи газбен (CNG) жүретін автокөліктерге отын ретінде пайдаланылады. Мұндай көліктер бензинмен жүретіндерге қарағанда көмірқышқыл газын аз бөледі және Үндістан автонарығының шамамен 20 пайызын құрайды. Сонымен қатар тезекті өңдеу табиғи жағдайда ыдырау кезінде бөлінетін метан шығарындыларын да азайтады.
Үндістанда ірі қара мал саны шамамен 300 млн басқа жетеді. Индуизмде сиыр қасиетті жануар саналғандықтан, ел мұндай жобалар үшін аса мол шикізат көзіне ие.