30-мамырда Оңтүстік Қазақстан облысына Үндістанның «Argean group of companies» компаниясының өкілдері қатысты.
Компанияның бас директоры Наразимхан Раждачогу мен директорлар кеңесінің төрағасы Джимми Пауль Милангавил каустикалық сода өндіретін зауыт салу мүмкіндіктерімен жергілікті жерде танысу үшін Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Зауыттың жобасын былтыр оларға Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері Үндістанда таныстырған.
Қонақтар облыстағы «Химфарм» АҚ, «Шымкентсыра» ЖШС, «Капланбек АВК» ЖШС сынды кәсіпорындарды аралады. Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасары Ислам Әбішевпен бірге Созақ ауданына барып, каустикалық сода өндіруге арналған шикізат кенішімен танысты. Бүгін олар облыс әкімі Болат Жылқышиевпен және Оңтүстік Қазақстан облыстық сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездеседі.
Каустикалық сода өндірісін ашу жөніндегі қорыытнды келіссөздер 2-маусымда жүргізіледі.