Алматыда телефон номерін белгілеудің жаңа жоспары біртіндеп қолданысқа енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда телефон номерін белгілеудің жаңа жоспары біртіндеп қолданысқа енгізіледі

Алматыда телефон номерін белгілеудің жаңа жоспары біртіндеп қолданысқа енгізіледі

Алматыда телефон номерін белгілеудің жаңа жоспары біртіндеп қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы бүгін, 31-мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Дулат Орзалинов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Мамыр 2005
  • 501
Фото - Caravan.kz

Д.Оразалиновтың айтуынша, «Алматыдағы номер белгілеу жоспары тәмамдалуға жақын». Сол себепті мамандар Алматыдағы телефондарға жеті орынды санмен номер белгілейтін мерзім жетті деп пайымдауда. Д.Оразалиновтың айтуынша, жеті орынды номер белгілеу үрдісі біртіндеп енгізіледі. Бастапқы кезеңде алты және жеті орынды номерлер аралас қолданылса, одан әрі Алматы бұл жоспарға біржола көшеді,- деді ол.

Қазіргі таңда зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол 205-жылдың қыркүйек айында аяқталуға тиіс. «Бұдан кейін Алматы қаласын жаңа жоспарға көшіру мерзімі мен құнын айқындайтын арнаулы комиссия құрылады»,- деді Д.Оразалинов.

Перейти к новостям спорта