«Бір ҚР Ата заңына сәйкес біртіндеп мемлекеттік тілге көшуге тиіспіз»,- деді қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Алайда, оның айтуынша, «іс жүргізу жаппай мемлекеттік тілге көшірілмейді, өйткені, тіл мәселесі — өте күрделі мәселе. Бұл жұмыстың табысы ұйым немесе мекеме жетекшісінің оған деген көзқарасы мен ұстанымына тікелей байланысты». Ол мемлекеттік қызметкер боламын деген азаматтың міндетті түрде мемлекеттік тілді білетіндігі ескеріліп, бұдан былай аудармашылық тәжірибенің ысырыла бастайтындығын, оның тілді дамытуға кедергіден басқа пайдасы жоқтығын атап өтті.