ҚазМұнайГаз бен Украинаның Нафтогаз компаниясы Қазақстанда мұнай және газ өндіру туралы келісімге қол қоймақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазМұнайГаз бен Украинаның Нафтогаз компаниясы Қазақстанда мұнай және газ өндіру туралы келісімге қол қоймақшы

ҚазМұнайГаз бен Украинаның Нафтогаз компаниясы Қазақстанда мұнай және газ өндіру туралы келісімге қол қоймақшы

"ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ мен "Украина Нафтогазы" ҰАК биылғы жылдың маусымның аяғына дейін Қазақстанда мұнай және газ өндіру туралы келісімге қол қоймақшы. Бұл туралы Ақтауда журналистерге Украинаның отын және энергетика министрінің бірінші орынбасары, "Украина Нафтогазы" ҰАК басқармаларының басшысы Алексей Ивченко хабарлады.

  • 1 Маусым 2005
  • 431
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұл келісімде Қазақстанда мұнай және газ өндіру шарттары айқындалады. «Украинаға барлау үшін немесе бұрынғы барланған кеніштерден белгілі мөлшерде кеніштер бөлу туралы келісімге қол қойылады»,- деді А.Ивченко.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Украина Нафтогазы» ҰАК басқармалары төрағасының орынбасары Александр Киселев 2005-жылдың ақпан айында Киевте қазір Шағырлы-Шөмішті кенішін игеріп жатқан АҚШ-тың American International Petroleum Corporation (AIPC) компаниясының ізбасары Caspian Gas Corporation компаниясы бұл кенішті игеру үшін бірлескен кәсіпорны құруды межелеп отырғанын мәлімдеген.
А.Ивченко 31-мамыр, сейсенбіде «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ-ның басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, оның барысында Қазақстанға бір аптаның ішінде украиналық, ал Украинаға қазақстандық мамандар жіберуге уағдалстық жасалғанын хабарлады. Олар мұнай және газ өндіру және барлау үшін бөлінетін кеніштердің тізімін әзірлейді.

Перейти к новостям спорта