ҚР СІМ Вьетнамға Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүшелікке өту туралы ұсыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Вьетнамға Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүшелікке өту туралы ұсыныс жасады

ҚР СІМ Вьетнамға Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүшелікке өту туралы ұсыныс жасады

31-мамырда Астанада ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Дао Вьет Чунга мырзамен кездесу барысында Вьетнамға Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына толық құқылы мүшелікке өту туралы ұсыныс жасады. Қазір бұл ел ұйымда бақылаушы мәртебесіне ие. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Маусым 2005
  • 407
Фото - Caravan.kz

Өз кезегінде Дао Вьет Чунга Вьетнам тарапынан Қазақстанға АСЕАН ұйымының қауіпсіздік жөніндегі аймақтық форумына мүшелікке өтуге қолдау көрсетіледі деп мәлімдеді.

Сонымен бірге вьетнамдық дипломат өз елінің Қазақстанмен арадағы түрлі саладағы байланыстарды, соның ішінде сауда-саттық және туризм саласындағы қарым-қатынасты пәрменді дамытудан мүдделі екенін атап өтті. Ол Қ.Тоқаевты Вьетнамға ресми сапармен келіп қайтуға шақырды.
Сол күні Дао Вьет Чунга ҚР СІМ-нің орынбасары Асқар Шакировпен келіссөздер жүргізді.

Перейти к новостям спорта