Оралда құйынның залал-зардаптары жойылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда құйынның залал-зардаптары жойылуда

Оралда құйынның залал-зардаптары жойылуда

Оралда құйынның залал-зардаптары жойылуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Маусым 2005
  • 406
Фото - Caravan.kz

31-мамырдағы жағдаймен үзілген 66 электр жалғастыру желісінің 42-сі қалпына келтіріліп, істен шыққан барлық 9 қосалқы станция жөнделіп, ақаулы 41 газ қондырғысының 20-сы қалпына келтірілді. Құлаған ағаштар жиналды.

Төтенше жағдайдың зардабын жоюға 232 адам мен 47 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 58 адамы мен 12 техникасы тартылды. Құйыннан келген шығын көлемін анықтайтын комиссия құрылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 30-мамыр күні 20 сағатта Оралда бас-аяғы 5 минуттың ішінде жылдамдығы секундына 20 метрге жеткен құйын тұрды. Құйыннан құлап қалған ағаштар электр жалғастыру желілері мен төмен қысымды газ магистральдарын бүлдірді. 15 автокөлік пен 25 жеке меншік үй бүлінді.
Облыстық клиникалық ауруханаға басынан жараланып, бүйрегі соғылған 4 адам түсті.

Перейти к новостям спорта