Жиынға қатысушылар салалық кластерлерді ғылыми-технологиялық тұрғыда және мамандармен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді талқылайды. Онда аймақтағы ғылыми-техникалық әлеует пен экономикалық алғышарттар, Оңтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіп саласын дамыту ерекшеліктері ескеріледі. Талқылау қорытындысы бойынша резолюция қабылданбақ.
Сонымен бірге бүгін ҚР Ұлттық инженерлік академиясы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиевтің арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Облыс әкімі Ұлттық инженерлік академияның ең жоғарғы сыйлығы болып табылатын «Қазақстаннң құрметті инженері» деген медальмен марапатталды.