Қалмырзаев BG-мен бейбіт келісімге келу мүмкіндігін жоққа шығармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалмырзаев BG-мен бейбіт келісімге келу мүмкіндігін жоққа шығармайды

Қалмырзаев BG-мен бейбіт келісімге келу мүмкіндігін жоққа шығармайды

ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев BG-мен бейбіт келісімге келу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы ол бүгін, 1-маусымда журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді,- деп хабарладй KZ-today тілшісі.

  • 1 Маусым 2005
  • 456
Фото - Caravan.kz

«Бұлар экономикалық қылмыстар. Сол себепті олардың сотқа жетпей аяқталу мүмкіндігі бар. Егер олар айыпты мойындап, миллиардтаған айыппұл төлеуге келіссе, сот арқылы тәжікелесіп жатудың қажеті не?»,-деді осы орайда бейбіт келісімге келу мүмкіндігін жоққа шығармаған С.Қалмырзаев.

С.Қалмырзаев бірақ BG-дің айыппұл төлеу мүмкіндігі туралы сауалға жауап бермеді. «Қазақстанда болсын, мейлі басқа елде болсын, өзінің айыпты екенін кім мойындасын? Дейтұрғанмен бұлтартпас дәлелдері табылған жағдайда мойындауға мәжбүр болатыны анық»,- деді ол.
С.Қалмырзаев қазір тергеудің жалғасып жатқанын хабарлады. «Қазір біздің қызметкерлер Ресейде жұмыс істеп жатыр. Олар тиісті тергеу базасын нығайтуда. Тергеу амалдары жүргізілуде, жұмыстар жалғасып жатыр»,- деді ол. «Талап қаржысының көлемі күн өткен сайын арта түсуде».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР қауіпсіздік кеңесінің жиынында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау мекемелеріне бірқатар ірі экономикалық қылмыстардың мән-жайын үш айда анықтап, оларды тексеру қорытындысына қатысты ақпараттарды ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысына ұдайы баяндап отыруды тапсырған болатын. Олардың арасында 1,233 млрд. теңгенің газ конденсатын өңдеу мақсатында Ресейге шығару дерегі бойынша «Би Джи Қарашығанақ» және «Оренсал» ЖШС-нің үстінен қозғалған қылмыстық істер де бар.

Перейти к новостям спорта