Экономика министрлігі мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдинг құруға қатысты бизнес-жоспарды жылдың аяғына дейін таныстырады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономика министрлігі мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдинг құруға қатысты бизнес-жоспарды жылдың аяғына дейін таныстырады

Экономика министрлігі мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдинг құруға қатысты бизнес-жоспарды жылдың аяғына дейін таныстырады

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдинг құруға қатысты жоспарды жылдың аяғына дейін үкіметке енгізуге тиіс. Бұл туралы бүгін, 1-маусымда ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Наталья Коржова үкімет басшысы Даниал Ахметовтың қатысуымен өткен кеңесте мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Маусым 2005
  • 457
Фото - Caravan.kz

Н.Коржованың айтуынша, «холдинг тұжырымдамасының жобасы министрліктер мен мекемелердің ескертулерін қарастыру негізінде экономикалық саясат жөніндегі кеңестің талқысына ұсынылды». «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес тұжырымдама жобасын негізінен мақұлдап, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне осы айдың аяғына дейін холдингіге кіретін компаниялардың тізімін айқындау, холдинг құру жөніндегі бизнес-жоспарды жылдың аяғына дейін үкіметке енгізу туралы нұсқау берді»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта