Сьезге еліміздің бүкіл облыстарынан келген судбялар, республикамыздың орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жетекшілері, заңгерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.
Алқалы жиында бұған дейінгі сьезде айқындалған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жұмыстарының қорытындысы шығарылып, Қазақстандағы сот реформасының нәтижелері мен алдағы міндеттер талқыланады.
Сонымен бірге сьезде сот төрешілерінің қоғамдық бірлестіктерінің сот-құқықтық реформаны іске асырудағы және заңнамаларды жетілдірудегі ролі, сот этикасын сақтауға және сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға байланысты проблемалар қаралады деп межеленген. Сьезде сонымен қатар судьяларды кәсіптік дайындау, олардың әлеуметтік кепілдіктері мен материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.
Сьездің ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.