Шығыс Қазақстан облысында дауыл зардаптары жойылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында дауыл зардаптары жойылуда

Шығыс Қазақстан облысында дауыл зардаптары жойылуда

Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск қаласында дауыл салдарынан үзілген байланыс және электр жалғастыру желілерін қалпына келтіру шаралары іске асырылуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Маусым 2005
  • 519
Фото - Caravan.kz

Министрліктің хабарлауынша, 31-мамырда күшті дауыл тұрып, соның салдарынан 22 электр жалғастыру желісі үзіліп, 3000-дай тұтынушы тоқсыз қалған. 11 жеке меншік үй мен 4 мектептің шатыры жұлынып, 80 ағаш құлап, алты адам жараланды. Средигорное, Соловьево, Березовск, Чапаево, Маяк елді мекендерімен арадағы байланыс желісі үзілді.

2-маусымдағы жағдаймен Маяк және Чапаево елді мекендерімен арадағы байланыс желісі қалпына келтіріліп, 600 тұтынушыға тоқ жіберілді. Төтенше жағдайдың зардабын жоюға аудандық құрылымдардың 77 адамы мен 14 техникасы жұмылдырылды.

Перейти к новостям спорта