Бүгін Байқоңырға 50 жыл - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+9 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Байқоңырға 50 жыл

Бүгін Байқоңырға 50 жыл

Бүгін, 2-маусымда Байқоңырға 50 жыл толды. 1955-жылдың қаңтар айында әркім біле бермейтін Төретам бекетіне алғашқы әскери құрылысшылар отряды аяқ басқан болатын. Бірақ қала мен ғарыш айлағының ресми туған күні 2-маусым болып есептеледі. Өйткені бұл күні Совет Одағы қарулы күштерінің бас штабының директивасымен 5-ші ғылыми-зерттеу полигонының ұйымдастырушылық құрылымы мен қызметкерлерінің саны бекітілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Маусым 2005
  • 2009
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп адамзат тарихындағы ғарыштық дәуір осы жерден басталды. Қазақ жерінен Жердің тұңғыш жасанды серігі ұшырылды, осы жерден 1961-жылдың сәуір айында әлемнің тұңғыш ғарышкері Юрий Гагарин жұлдыздарға жол тартты. Сол кезде дүниежүзі алғаш рет «Байқоңыр» деген атауды естіді. Мұндағы әрбір ұшырылымнан кейін «дүниежүзінде тұңғыш рет» деген анықтауыш талай естілді.

Ғарыш айлағының жарты ғасырлық тарихында жалпы алғанда ғарыштық мақсатпен 1240 зымыран ұшырылса, құрлықаралық баллистикалық зымырандар 1196 мәрте ұшырылды. Жердің түрлі орбиталарына әскери, ғылыми, халықшаруашылығы мақсатындағы 1400 ғарыштық аппараттар мен коммерциялық мақсаттағы жер серіктері шығарылды.
2-маусым күні таңертең қаза тапқан ғарышкерлерге арналған ескерткіштің жанында митинг ұйымдастырылса, көріктене түскен қаланың орталық алаңында жергілікті гарнизонның шеруі өтеді. «Байқоңырдың құрметті азаматы» деген атаққа ие болған адамдарды марапаттау рәсімі өтеді. Мерейтой қарсаңында осынау құрметті атаққа 1965-1973-жылдар аралығында Байқоңыр ғарыш айлағын басқарған генерал-лейтенант Александр Курушин, зымыран қаруы мен ғарыштық-зымырандық жүйелердің үлгілерін жасау және сынақтан өткізу шараларына атсалысқан генерал-лейтенант Владимир Соколов, құрлысшы-ардагер, полковник Андрей Дубик, ҚазССР-нің еңбек сіңірген құрылысшысы, генерал-майор Александр Федоров, Байқоңырды салу жөніндегі жобаны басқарған инженер-полковник Александр Ниточкин сынды адамдар ие болды.
Мерекелік шараға қатысуға Байқоңырдан басқа жерлерде тұратын 500-дей ғарыш айлағы ардагерлері келді. Мерейтойдың басты ресми қонақтары — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин болмақ. Н.Назарбаев пен В.Путин ғарыш айлағының ұшырлым алаңдарын аралап, атышулы «Гагарин стартында» болып, «Бәйтерек» бірлескен ғарыштық жобасы жүзеге асырыла бастайтын 200-ші алаңда нышандық алғашқы кірпішті қалайды деп күтілуде. Қазақстан-Ресей үкіметаралық бірқатар келісімдерге қол қойылады деп межеленген. Әзірге келісімдердің егжей-тегжейі жарияланбай отыр. Бірақ қол қою рәсімінен кейін президенттер БАҚ өкілдерінің алдына шығады деп күтілуде. Бұдан кейін мемлекет басшылары «Сатурн» киноконцерт залында ғарыштық техника саласының ардагерлерімен және сынақшыларымен кездеседі. Осы орайда Владимир Путиннің Байқоңыр ғарыш айлағына алғаш табан тірейтінін айта кету керек.
Кешкісін Байқоңырдың орталық алаңында халықтың серуені өтіп, түнгі аспанға оттан шашу шашылады.
3-маусымда мерекелік шаралар «Десятилетие» атты стадионда жалғасады. Бұл жерде ғарыш саласы кәсіпорындарының қызметкерлерінен жасақталған салтанатты шеру өтіп, артынан жасыл алаңда әдеби-музыкалық қойылым ойналады. Оның соңы мерекелік концертке ұласады. Бұдан кейін мереке меймандары қала мен ғарыш айлағын автобуспен аралап шығады.
Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, жарты ғасырлық мерейтойдың маңызын ескеру негізінде 2 және 3-маусым қалада демалыс күндері деп жарияланды.

Перейти к новостям спорта