ҚР президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы өзгертілді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы өзгертілді

ҚР президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы өзгертілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Маусым 2005
  • 1531
Фото - Caravan.kz

Президенттің 2005-жылғы 30-мамырдағы жарлығына сәйкес комиссия құрамына ҚР әділет министрі Зағипа Балиева, ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосынова, ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбеков, ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрайымы Раиса Юрченко енді. Сондай-ақ, комиссия құрамына Астана және Алматы метрополиті Мефодий енді.

Иван Отто, Оңалсын Жұмабеков, Сергей Болдин, Қайрат Әбусейітов мен Сағитжан Тасмағамбетов комиссия құрамынан шығарылды.
Осы орайда естеріңізге сала кетсек, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі комиссия 1994-жылы құрылды. Ол мемлекет басшысынң жанындағы консультативтік-кеңес органы болып табылады. Комиссияның басты мақсаты — адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау тетіктерін жетілдіруге түрткі болу, құқық пен бостандықты қамтамасыз ету және қорғау саласындағы саясатты жүзеге асырушы орталық және жергілікті мемлекеттік мекемелерді жетілдіруге үлес қосу, бұл саладағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы мен бағдарламаларын жасауға атсалысу, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал жасауға саяды.
Комиссия азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтары бұзылу деректері туралы Елбасына жолдаған арыз-өтініштерін қарауға, жыл сайынғы және арнаулы баяндамаларды әзірлеуге, мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарын қарауға, адам құқығы мен бостандығын қорғау және қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеуге өкілетті. Сонымен қатар комиссия ҚР заңнамаларына талдау жасауға, заң жобаларын жасауға атсалысуға, талдау материалдарын әзірлеуге, адам құқығы саласындағы халықаралық келісімдерге қатысты сарапшылық-нұсқаушылық тұжырымдар мен ұсыныстар әзірлеуге, адам құқығына қатысты халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысуға құқылы.
Өз мақсат-міндетін жүзеге асыру үшін комиссия мемлекеттік мекемелер, ұйымдар мен лауазым иелерінен қажетті мәліметтерге, құжаттар мен материалдарға сұрау салуға, өз отырыстарында олардың ақпараттарын тыңдауға, уәкілетті мемлекеттік мекемелер тарапынан адам құқығын бұзу деректерін тексеру туралы бастама көтеруге, ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тартуға құқылы.
Комиссия өз шешімдерін нұсқау және қорытынды түрінде шығарып, олар туралы ақпаратты мемлекет басшысының назарына ұсынады. Комиссияның нұсқаулары мен қорытындылары тиісті мемлекеттік мекемелер мен лауазым иесінің назарына жеткізіледі. Олар оны белгіленген мерзімде қарап, өз шешімдері туралы құлағдар етуге тиіс.

Перейти к новостям спорта