ҚР Қорғаныс министрлігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы еліміздегі басы артық қару-жарақ пен оқ-дәріні жоюға бағытталған бірлескен жобаны қолға алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қорғаныс министрлігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы еліміздегі  басы артық қару-жарақ пен оқ-дәріні жоюға бағытталған бірлескен жобаны қолға алмақшы

ҚР Қорғаныс министрлігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы еліміздегі басы артық қару-жарақ пен оқ-дәріні жоюға бағытталған бірлескен жобаны қолға алмақшы

ҚР Қорғаныс министрлігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы еліміздегі әскери қоймаларда сақтаулы жатқан басы артық қару-жарақ пен оқ-дәріні жоюға бағытталған бірлескен жобаны жүзеге асыра бастамақшы. Бұл туралы бүгін, 2-маусымда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ұйымдастыруымен қарапайым қару-жарақ қоры мен жеңіл атыс қаруларын жою және сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Алматыда өткен семинарда ҚР Қарулы күштерінің қару-жарақтар мен оқ-дәрі қоймалары, базалар мен арсеналдар жөніндегі бас басқармасының бастығы Владимир Носоновский мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Маусым 2005
  • 715
Фото - Caravan.kz

В.Носоновскийдің айтуынша, басы артық жеңіл атыс қаруларының саны 30 мыңды, ал оқ-дәрілер саны 2,5 млн. болып табылады. Бұлар тек Қазақстан аумағындағы әскери бөлімшелерге қарасты емес, сонымен бірге Совет Армиясы Ауғанстан, Шығыс Германия және Арменияның Спитак қалаларынан алып шыққан қарулар.

Әсіресе ақаулы, одан әрі сақтау қауіпті болып табылатын немесе қарулы күштердің қорында жоқ оқ-дәрі қоры мен жеңіл атыс қарулары жойылады немесе пайдалы жаратылады. «Мәселен, Совет Армиясының қоймаларында жарылғыш заттары бар оқ-дәрілер болды. Олар тез арада пайдаланылуға тиіс. Сонымен бірге бізде ескірген артиллериялық жүйелерге арналған оқ-дәрілер, атап айтсақ, 100 мм-лік калибрлі снарядтар мен Т-34 танкіне арналған оқ-дәрілер мен сақтау мерзімі 40 жылдан асатын оқ-дәрілер бар. Олардың бәрі де жойылуға тиіс»,- деді В.Носоновский. Ал басқа қару-жарақтар сақталып қалады.
Басқарма бастығының айтуынша, ҚР қорғаныс министрлігі өз күшімен 160 мың оқ-дәріні құртқан, алайда, «бұл жұмысқа Қазақстанның өз қуаты толық жетпейді».
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының шиеленістердің алдын алу жөніндегі орталығы қауіпсіздікті үйлестіру форумының аға офицері Юрий Кривоностың айтуынша, Қазақстан — басы артық қаруды құрту жөнінде тәжірибе бөлісу үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының миссиясы келіп жеткен ТМД аясындағы бірінші мемлекет. Ресей, Беларусь және Украина елдері де ұйымға осы жөнінде өтініш білдірген.
«Көрсетілетін көмек ауқымын донор -елдер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сарапшыларының тиісті баяндамасын алғаннан кейін анықтайды. Сарапшылар жеңіл атыс қарулары сақталған негізгі орындарды семинар аяқтала сала, маусымның 6 мен 11-і аралығында аралайды»,- деді офицер.

Перейти к новостям спорта