Астана қалалық полициясы аса ауыр екі қылмысты әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қалалық полициясы аса ауыр екі қылмысты әшкереледі

Астана қалалық полициясы аса ауыр екі қылмысты әшкереледі

Астана қалалық полициясы аса ауыр екі қылмысты әшкереледі. Бұл туралы бүгін, 2-маусымда Астанада өткен баспасөз мәслихатында қалалық ішкі істер департаменті төрағасының орынбасары Марат Демеуов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Маусым 2005
  • 454
Фото - Caravan.kz

Бірінші жағдайда Астана қаласының 28 жастағы тұрғыны жәбірленуші болып табылады. Бұл қылмыстық іске «қарақшылық шабуылдың ізін жасыру үшін кісі өлтіру» деген ақтама берілді. М.Демеуовтың айтуынша, шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде 4 адамнан тұратын топ құрықталды. «Олардың бәрі де 20 жастар шамасындағы Астана тұрғындары болып шықты»,- деді ол.

Тергеу мәліметтеріне жүгінсек, 28-мамырда айыпкерлер жәбірленушінің көлігін тоқтатып, оларды қаланың Промышленный ауылы маңындағы саяжайларға жеткізіп тастауды өтінеді. Межелі жерге жеткен соң әлгілер жүргізушіге шабуыл жасап, қол -аяғын байлап, пышақтап тастаған. «Қылмыскерлер жігітті 18 жерінен пышақпен жарақаттап, автокөлік, ұялы телефоны мен ақшасын алып алған»,- деді М.Демеуов. Қазір күдіктілер қолға түсіп, қылмыстарын мойындады.
Екінші қылмыс Елордасында болды. 31-мамырда Астана қаласының іргесіндегі Өндіріс аулының 22 жастағы әйел тұрғынының мәйіті табылды. Қызды біреулер зорлап, суға батырып жіберген.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қылмысты «Центрстройкомплект» ЖШС-нің 22 жастағы екі жұмысшысы жасаған. «Екі жігіт те Астанаға басқа жақтан келген. Осында тұрып жатқалы үш ай болыпты. Олардың бірі Қостанйдан, екіншісі Оңтүстік Қазақстан облысынан келген екен. Қазір екі күдікті Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша тергеу қапасында отыр»,- деді М.Демеуов.

Перейти к новостям спорта