Әлемдік және дәстүрлі дін жетекшілері құрылтайының күн тәртібі мен тұжырымдамасы дәйектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік және дәстүрлі дін жетекшілері  құрылтайының күн тәртібі мен    тұжырымдамасы  дәйектелді

Әлемдік және дәстүрлі дін жетекшілері құрылтайының күн тәртібі мен тұжырымдамасы дәйектелді

Астанада 2006- жылдың қыркүйек айында өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін жетекшілерінің ІІ құрылтайында "Дін , қоғам және халықаралық қауіпсіздік" тақырыбы басты әңгіме өзегіне айналады. Бұл туралы 1-2- маусымда Алматыда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер құрылтайы хатшылығының үшінші мәжілісінің қорытындысы бойынша таратылған хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Маусым 2005
  • 828
Фото - Caravan.kz

Хатшылықтың бас қосуы барысында алдағы құрылтайдың тұжырымдамасы дәйектелді. Хатшылықтың мәжілісі барысында дінаралық диалог принциптері айқындалды.

Құжатта атап көрсетілгеніндей, дінаралық диалог әділеттілік, төзімділік, өзара сыйластыққа негізделуі тиіс. Диалог барысында әріптестер тең құқыққа ие болып, әрбір мәдениеттің, тіл мен салт-дәстүрдің біртұтастығын ескеру негізінде ой-пікір, көзқарас мен наным-сенімді еркін білдіретін кеңістік қалыптасға тиіс. «Мұндай диалог қандайбір діннің екіншісінен асқақтығын паш етуге тиіс емес, ол керісінше діндер арасындағы айырмашықты жақындата түсуге бағышталуы қажет. Ол бір-бірін танып-білуге және өзара сыйластыққа бағытталғаны жөн»,- деп атап өтті хатшылық.
Сонымен бірге Әлемдік және дәстүрлі діндер құрылтайы хатшылығының кезекті төртінші мәжілісін 2006-жылғы көктемде Астанада өткізуге шешім қабылданды.

Перейти к новостям спорта