Парламент тауар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент тауар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Парламент тауар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Бүгін, 2 - маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Тауар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Маусым 2005
  • 379
Фото - Caravan.kz

Заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл құжат қолданыстағы заңды Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту процедураларының аясындағы қорғаныс шаралары жөніндегі келісімге сәйкестендіру мақсатында жобаланды. Өзгерістер тауар импорттаушылардың депозиттік есепшотқа ақша салу тәртіптерін нақтылайды. Бұл есепшот уақытша қорғаныс шарасы қолданылған жағдайда кеден мекемелері алатын қорғаныс мақсатындағы баж салықтарының төлемін қамтамасыз ету үшін Кеден заңнамасында қарастырылған. Сонымен бірге түзетулер тауар импорттаушының төленген қаржыны заң тәртіптеріне сәйкес кері қайтарып алу мүмкіндігін реттейді. Егер тауар импорттау көлемінің артуы отандық өнім өндірушілерді айтарлықтай шығынға ұшыратпайтындығы тексерулер нәтижесінде анықталған жағдайда, төленген баж салығы импорттаушыға кері қайтарылады.
Бұл түзетулер үкіметке ішкі рынок пен отандық тауар өндірушілердің экономикалық мүддесін тауар импортынан қорғаудың тиімді шараларын енгізуге және Қазақстан экономикасын мемлекет тарапынан қорғау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Перейти к новостям спорта