Астанада ҚР судьяларының ІҮ сьезі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ҚР судьяларының ІҮ сьезі басталды

Астанада ҚР судьяларының ІҮ сьезі басталды

Бүгін, 3-маусымда Астанада Қазақстан судьяларының ІҮ сьезі басталды. Сьездің ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отыр- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Маусым 2005
  • 655
Фото - Caravan.kz

Сьезге еліміздің бүкіл облыстарынан келген 200-дей судьялар, республикамыздың орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жетекшілері, заңгерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, алқалы жиында бұған дейінгі сьезде айқындалған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жұмыстарының қорытындысы шығарылып, Қазақстандағы сот реформасының нәтижелері мен алдағы міндеттер талқыланады.
Сонымен бірге сьезде сот төрешілерінің қоғамдық бірлестіктерінің сот-құқықтық реформаны іске асырудағы және заңнамаларды жетілдірудегі ролі, сот этикасын сақтауға және сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға байланысты проблемалар қаралады деп межеленген. Сьезде сонымен қатар судьяларды кәсіптік дайындау, олардың әлеуметтік кепілдіктері мен материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.
Құрылтай қорытындысы бойынша резолюция қабылданады.

Перейти к новостям спорта