Сот төрешілерінің зейнет демалысына шығатын жас мөлшерін 68-70-ке дейін арттыру қажет - ҚР Судьялар одағының төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот төрешілерінің зейнет демалысына шығатын жас мөлшерін  68-70-ке  дейін арттыру қажет - ҚР Судьялар одағының төрағасы

Сот төрешілерінің зейнет демалысына шығатын жас мөлшерін 68-70-ке дейін арттыру қажет - ҚР Судьялар одағының төрағасы

Сот төрешілерінің зейнет демалысына шығатын жас мөлшерін 68-70-ке дейін арттыру қажет. Бүгін, 3-маусымда судьялардың ІҮ сьезінде сөз сөйлеген ҚР Судьялар одағының төрағасы Бекет Тұрғараев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Маусым 2005
  • 680
Фото - Caravan.kz

«Судьялардың басқа да мемлекеттік қызметкерлермен бірдей 63 жаста зейнет демалысына шығу құқығын сақтай отырып, жұмыс қабілетінен айрылмаған бөлігіне 68-70 жасқа дейін қызмет етуге мүмкіндік берген жөн»,- деді Б.Тұрғараев. Оның айтуынша, мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде таралған.

Сонымен бірге ҚР Судьялар одағы төрағасының пікірінше, «судья лауазымына жастарды қазіргідей 25 жастан емес, 30 жастан бастап тағайындаған дұрыс». Ол құқықтану саласындаы судья лауазымынан үміткерлердің қажетті жұмыс өтілін 2-ден 5 жылға дейін арттыру қажет деген пікірде. «Жұмысқа жаңадан тағайындалған судьяларды үш жылдық сынақ мерзімімен қабылдап, осыдан кейін облыстық соттың жалпы жиналысының оң бағасына ие болғандарын ғана судья лауазымына тағайындау қажет»,- деді Б.Тұрғараев.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев судьялардың зейнет демалысына шығу мерзімін кейінге шегеру туралы ұсынысты қолдады. Дегенмен, Елбасы судьялар корпусын жаңалап отырған жөн деп санайды. «Мен өзіміздің қатарластарымызды ренжіткім келмейді, бірақ, қазіргі судьялар корпусының орташа жас мөлшерін 40 -қа жақындату қажет»,- деді президент.

Перейти к новостям спорта