Елбасы елімізде жеке меншік сот үкімін орындатушылар институтын қолданысқа енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы елімізде жеке меншік сот үкімін орындатушылар институтын қолданысқа енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды

Елбасы елімізде жеке меншік сот үкімін орындатушылар институтын қолданысқа енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жеке меншік сот үкімін орындатушылар инститтуын қолданысқа енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл пікірді президент бүгін, 3-маусымда ҚР судьяларының ІҮ сьезінде сөйлеген сөзінде ортаға салды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Маусым 2005
  • 410
Фото - Caravan.kz

«Германия, Франция тәрізді бірқатар елдердің тәжірибесі бұл институт іс-қызметінің тиімділігін сенімді дәлелдейді»,- деді мемлекет басшысы.

«Бұл тәжірибені зерттеу ләзім, егер ол қолдануға тұратын болып шыққан жағдайда оны тез арада енгізу қажет»,- дейді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы «сот шешімдерін орындау — әділеттілік орнату тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді» деп атап өтті. Елбасының пікірінше, «сот қаулыларының орындалмауына басты себеп — қарыздар жақтың мүлкі мен ақшасының жоқтығынан гөрі , сот шешімдерін дер кезінде және толыққанды іске асыру жұмыстарын ұйымдастыру деңгейінің төмендігінен болмақ». «Елімізде әрбір үшінші сот актісі орындалмай қалады»,- деді ол.
«Сот шешімдерінің орындалмауы — әсіресе кәсіпкерлік іс-қызмет саласындағы дауларға қатысты негізді арыз — шағымдардың молаюына түрткі болып отыр», деді. «Қолда бар мүмкіндікті сарқа пайдаланып, ондай жағдайды жою қажет»,- деді ол.
Н.Назарбаевтың хабарлауынша, «қазір бұл мәселеге қатысты «Сот үкімін орындату туралы» және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары әзірленуде». «Бұл заңдарды қабылдау қажет. Сонда ғана сот қаулыларын орындау жұмыстарының деңгейін көтеруге мүмкіндік туады»,- деді мемлекет басшысы.

Перейти к новостям спорта