Кәсіби заңгерлік көмекке еліміздің азаматтаоы жаппай қол жеткізуге тиіс - Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіби заңгерлік көмекке еліміздің азаматтаоы жаппай қол жеткізуге тиіс - Елбасы

Кәсіби заңгерлік көмекке еліміздің азаматтаоы жаппай қол жеткізуге тиіс - Елбасы

Мемлекет сот процессіне қатысушылардың нақты теңестіруге және халыққа кәсіби заңгерлік көмек көрсетілуіне мүмкіндік жасауға тиіс. Бүгін, 3-маусымда ҚР судьяларының ІҮ сьезінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Маусым 2005
  • 448
Фото - Caravan.kz

«Әрбір адамның кәсіби заңгерлік көмек алуға құқылығы жөніндегі Конституциялық қағида мен жарыс принциптері заңгерлік көмек көрсету нормаларын, соның ішінде халықтың кедей бөлігіне тегін заңгерлік көмек көрсету нормаларын дамытуды талап етеді»,- деді Н.Назарбаев. «Алайда қазіргі таңда осынау конституциялық құқықты жүзеге асыру түрлі тауқыметтерге бетпе- бет келтіріп отыр. Әсіресе бұл ауылдық жерлердегі кедейлерге қатысты жиі кездеседі»,- деді ол. «Құқықтық мемлекетте азаматтарды қорғау олардың әл-ауқаты мен тұрғылықты жеріне байланысты болмауға тиіс»,- деді мемлекет басшысы.

«Кез-келген мемлекеттік маңызы бар мәселені қарау барысындағы сияқты сот жүйесін нығайту мәселесін шешуде биліктің барлық бұтақтарының ұстанымын бір арнада тоғыстырудың маңызы зор. Бұл шешімнің табысты шығатынына кепілдік болады»,- деді президент. Оның пікірінше, «елімізді одан әрі құқықтық дамыту бағыттарының бірі — қылмыстық істі соттарда қарау ісін алқа билердің қатысуымен жүзеге асыру мүмкіндігі туралы Конституция нормасын жүзеге асыруға саяды».
«Алқа билер сотын енгізу қылмыстық сот ісін жүргізудегі жарыс принципін толыққанды жүзеге асыруға және жалпы алғанда әділеттілік орнату ісінің сапасын арттыруға ықпал жасайды»,- дейді мемлекет басшысы.

Перейти к новостям спорта