2005 жылғы маусымда ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын сату көлемі 32 млн. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005 жылғы маусымда ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын сату көлемі 32 млн. теңгені құрады

2005 жылғы маусымда ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын сату көлемі 32 млн. теңгені құрады

2005 жылғы маусымда ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын сату үшін бір аукцион өткізілді, онда 12-айлық МЕККАМ айналымға шығарылды. 18,0 млрд. теңгеге осындай бағалы қағаздар сатылды, бұл 2005 жылғы мамырдағы ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарының эмиссиясы көлемінен 12,5% көп. 12-айлық МЕККАМ бойынша кірістілік 2,75% деңгейінде қалыптасты.

  • 5 Шiлде 2005
  • 537
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын өтеу 2005 жылғы маусымда сыйақы бойынша төлемдерді есепке алғанда 4,7 млрд. теңге болды. Маусымның аяғында Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарының айналыстағы көлемі бір айда 4,7% көбейіп, 317,6 млрд. теңге болды.
Ұлттық Банк ноталары эмиссиясының көлемі 2005 жылғы маусымда 2005 жылғы мамырмен салыстырғанда 14,7%-ке, немесе 166,4 млрд. теңгеге дейін азайды, бұл ретте қысқа мерзімді ноталардың кірістілігі мамырдағы 2,38%-дан маусымда 2,18%-ға дейін төмендеді. Маусымда сыйақы бойынша төлемді қоса алғанда 238,4 млрд. теңгеге Ұлттық Банктің ноталары өтелді.
Айналыстағы ноталардың көлемі маусымның аяғында 20,8% азайып, 269,2 млрд. теңге болды.
2005 жылғы маусымда алдыңғы аймен салыстырғанда Ұлттық Банктің тікелей репо операциялары бойынша мәмілелердің көлемі 1,0%-ке, немесе 83,8 млрд. теңгеге дейін азайды. Кері репо бойынша операциялар көлемі маусымда 3 млрд. теңге болды. Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын сату бойынша операциялар көлемі есепті кезеңде 32 млн. теңге болды.