Сонымен бірге ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімді, БҰҰ-ның 60 жылдық мерейтойын атап өтуге қатысты мәлімдемені, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 20 жылдығына орай дүниежүзілік қауымдастық пен Достастық елдерінің халықатарына арнап жасалатын мәлімдеменің мәтінін талқылау көзделіп отыр.
Сонымен бірге мемлекет басшыларына бірқатар құжаттардың жобасы талқылаусыз қол қоюға ұсынылады. Олардың бәрі де үкімет басшылары мен сыртқы істер министрлері кеңестерінің, сондай-ақ, ТМД экономикалық кеңесінің отырыстарында сарапқа салынған. Атап айтсақ, ТМД елдерінің алдағы жылдарға арналған лаңкестікпен және заңсыз көші-қонмен күрес бағдарламасы, Достастық елдерінің өзара келісілген шекаралық саясаты мен әскери ынтымақтастық тұжырымдамасы, лаңкестікпен және экстремизмнің басқа да зорлыққа негізделген көріністерімен күрес саласындағы ынтымақтастық саясатына қол қойылмақшы.