Ә.Жорабековтың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментіне Сарыағаш ауданының тұрғыны арыздана келіп, бір полиция қызметкері өзінен қылмыстық іс қозғамау үшін пара талап еткенін хабарлаған. Соның нәтижесінде полиция лейтенанты, Сарыағаш аудандық ішкі істер бсқармасының қызметкері оперативтік шаралар барысында 300 доллар көлемінде пара алу барысында ұсталды. Ол 2002-жылдығң желтоқсан айынан бері ішкі істер мекемесінде жұмыс істейді.
Тұтқын уақытша тергеу қапасына қамалды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «пара алу» жөніндегі 311-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті