"Браконьер" деп аталатын шұғыл-профилактикалық шараның қорытындысы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Браконьер" деп аталатын шұғыл-профилактикалық шараның қорытындысы шығарылды

"Браконьер" деп аталатын шұғыл-профилактикалық шараның қорытындысы шығарылды

Бүгін, 9-қыркүйекте ҚР ІІМ-нің табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясы басқармасы "Браконьер" деп аталатын республикалық шұғыл-профилактикалық шараның қорытындысын шығарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қыркүйек 2005
  • 452
Фото - Caravan.kz



Басқарма бастығы Ибадулла Қалыбековтың Астанада өткен баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, үш аптада табиғат қаскөйлері мемлекетке 7,3 млн. теңгенің шығынын келтірді.
«Шара барысында олардан 180 заңсыз ауланған жан-жануарлар тәркіленді. Олардың арасында Қызыл кітапқа енгізілген екі ителгі мен жайран бар»,- деді И.Қалыбеков.
«Жыл басынан бері ішкі істер органдары табиғат қорғау заңын бұзуға қатысты 3800 оқиғаның бетін ашты. 2 мың текше метрдей заңсыз кесілген ағаштар мен 75 тоннадан астам заңсыз ауланған балықтар тәркіленді»,- деді И.Қалыбеков.
Экологиялық қылмыстар дерегі бойынша 188 қылмыстық іс қозалып, 2 млн. теңгенің 1,5 мың әкімшілік айыппұлын салу туралы қаулы шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті