М.Паниннің айтуынша, пайдалы қазбаларды өндіру мөлшері арта түсуімен ілесе тұщы судың зарарлану қаупі артып келеді. Қаражыра көмір кенішіндегі жер асты суларын зерттеумен 1994-жылдан бері шұғылданып келе жатқан Семей мемлекетік институтының экология кафедрасының ғалымдары мен оқытушылары осындай тұжырымға келіп отыр.
М.Паниннің айтуынша, қазіргі күні кеніш маңында 43 ұңғы бар. Олардың арасынан разрезге өте жақын орналасқан жетеуі экологияға айрықша қауіп төндіруде. «Көмір жанған кезде радионуклидтер мен басқа да зиянды заттарды бөлінеді. Көп жылдарға созылған зерттеу қорытындылары көрсетіп бергеніндей, аталмыш қауіпті заттар жер асты суларымен қосылуда. Қазір жер асты суларындағы ауыр металдардың концентрациясы шектелген мөлшерден ондаған есе артып кетті. Бұл осы өңір тұрғындарының денсаулығына орны толмас залал-зардап әкеледі»,- деді М.Панин.
Профессор басқаратын бір топ ғалымдар Ресей, Украина және қазақстандық басқа да әріптестерімен бірлесіп көмір кенішіндегі жер асты суларына жүргізетін мониторингті одан әрі жалғастыруға бастама көтерді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті