"Оқушыларды құрбан қылып, ақша табатын саудагерлердің көзін құрту керек": Журналист министр Сүлейменоваға үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 462.87
  • 540.72
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оқушыларды құрбан қылып, ақша табатын саудагерлердің көзін құрту керек": Журналист министр Сүлейменоваға үндеу жасады

"Оқушыларды құрбан қылып, ақша табатын саудагерлердің көзін құрту керек": Журналист министр Сүлейменоваға үндеу жасады

Танымал журналист Ертай Нүсіпжанов Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға оқушыларға қатысты тағы бір мәселені көтерді.

  • 24 Сәуiр
  • 11
Фото: gov.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист мектеп маңында саудаланатын түрлі тәттілерге тыйым салу қажеттігін айтты.

«Құрметті, министр Жұлдыз Сүлейменоваға! Мектеп айналасына үймелеп орналасып, балалардың денсаулығына зиянды тәттілерді сататын дүкендерге заңмен тыйым салу керек. Оқушыларды құрбан қылып, ақша табатын саудагерлердің көзін құрту керек! Қоғам осындайдан бұзылады.

Бала өзіне зиянды екенін білмейді. Оқушы ортасына қарай ойысады. Көпке ілеседі. Қытайдың түсініксіз сусындарын түбегейлі жою керек. Түрлу ауру тудыратындарды көз алдына жалтыратып тізіп қойып, біздің кінәміз жоқ деген болмайды. Қоғам болып талап ету керек», — деп жазды ол.